Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Сейсенбі, 15 қазан, 17:53

Жемқорлықпен күрес бәрінен маңызды

15.05.2023

238

0

Қазақстан дамыған елдер қатарынан орын алуы үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ұдайы жүргізілуі тиіс. Себебі ол кез келген саланың тұралауына алып келетін ең күрделі қоғам дерті екенін жақсы білеміз. Міне, мемлекеттің онымен күрес шараларын ұдайы жүргізуі де сондықтан.

Негізінен сыбайлас жемқорлықпен күресте баршамыз жұдырықтай жұмылуымыз керек. Сонда ғана бұл бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижесін көреміз. Бұл ретте әрбір отандас оған қарсы көзқараста болса жеткілікті.

Қазір барлық мекемеде бірінші басшының төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың зардабын түсіндіру мақсатында дөңгелек үстелдер, түрлі семинарлар мен жиындар өтіп келеді. Мұндай шаралардың да қоғам дертінің алдын алуда өзіндік маңызы бар. Бұл шаралар әсіресе сыбайлас жемқорлыққа қарсы әр адамда көзқарас қалыптастыруда маңызды деп есептеймін.

Құзырлы органдар әлі де онымен күресті толастатқан емес, өкініштісі бірақ әр жерде оған жол берген жағдайлардың орын алғанын ресми ақпараттардан естіп-білім отырмыз. Демек, әлі де қоғам дертіне қарсы шаралар ұдайы жүргізілуі тиіс.

Біз сыбайлас жемқорлықтан бас тарта отырып, өскелең ұрпаққа да өнеге боламыз, бір жағынан оларға жарқын болашақ сыйлаймыз. Ал оған қарсы көзқарас қалыптаспай, бұ екеуіне де қол жеткізу мүмкін емес.

Мадина ТҰРСЫНБАЕВА,

аудандық қазынашылық басқармасының бас маман-бас қазынашысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: