Жеңіс күні – тарихымыздағы ең ұлы күндердің бірі. Ол тек соғыс пен қираған үйлердің емес, халқымыздың ерлігі мен қайсарлығын, бірлігін, батылдығын көрсететін күн. 1945 жылдың 9 мамыры – біздің ата-бабаларымыздың бейбіт өмір үшін күресіп, Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен күні.
9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында аудан әкімінің орынбасары Арнұр Әлібекұлымен бірге тыл ардагерлерінің шаңырақтарында болып, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерді құттықтап, оларға құрмет көрсеттік. Бұл мерекелі күн – халқымыздың ерлік пен батырлықтың символы болып саналатын, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін ұлықтаудың ерекше сәті.
Мерейлі мереке қарсаңында ардагерлерімізге Жеңістің 80 жылдығына орай мерекелік төсбелгі, аудан әкімі Ардақ Әбдіғаппарұлының алғыс хаты және “AMANAT” партиясының арнайы құттықтауы табыс етілді. Олардың ұрпақтарына көрсете білген ерлігі мен қайсарлығы үшін алғысымыз шексіз. Жеңіс үшін күрескен әрбір ардагердің еңбегі мен ерлігі ұмытылмайды, олардың даңқы мәңгі жасай береді.
Құттықтауларымыз бен алғысымызды ардагерлерімізге жеткізіп, осындай маңызды күні олардың жүрегін жылыту – біздің азаматтық парызымыз. Ұлы Жеңіс әрқашан біздің жүрегімізде мәңгі сақталады!
Құрметпен,
Қайрат Алмасұлы – Жалағаш аудандық мәслихат депутаты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!