Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

0°C

, Жұма, 13 желтоқсан, 17:06

«Жер аманаты»: Қызылордада 207 мың 85 гектар жер мемлекет меншігіне қайтаралды

02.11.2023

404

0

  «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясы бұған дейін барлық аудандарында болып, жергілікті жердегі жағдаймен танысып, жоспардың орындалуын пысықтап, мәселелерді талқылаған болатын. Бүгін партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешованың төрағалығымен комиссияның кезекті отырысы өтіп, онда «Жер аманаты» жобасының Қызылорда қаласында іске асырылу барысы талқыға түсті.

«Жер аманаты» комиссияның құрылудағы мақсаты – пайдаланылмай жатқан, оның ішінде заңсыз жеке меншікке өткен жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және оларды ауыл тұрғындарына ұсыну, әділ үлестіруді қамтамасыз ету.

Өңірде биыл «Жер аманаты» жобасы аясында 200 мың гектар жерді қайтару жоспарланса, комиссияның араласуымен бүгінгі күнге жоспар 103,5% орындалып, 207 мың 85 гектар жер артығымен мемлекет меншігіне қайтарылды. Алайда Сайлауалды бағдарламаны іске асырудың Жол картасында барлық іс-шаралар мен көрсеткіштер қала және аудандар бөлінісінде бекітілгендіктен Қызылорда қаласы бойынша жобаның орындалуы көңіл көншітпейді» деді партия филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова.

Атқарушы хатшы атап өткендей жоба аясында Қылыорда қаласында билы жоспарға сәйкес 5 мың гектар жер қайтарылу керек. Оның бүгінгі күнге 2 мың 29 гектар ғана қайтарылған. Жиын барасында қалған 2 мың 970 гектар жер учаскесін мемлекетке қайтару туралы және жайылыммен қамтамасыз ету жағдай жөнінде Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев есеп берді.

Алайда партия филиалының Атқарушы хатшысы жерге қатысты мәселелердің жалғаса беретіндігін соның ішінде жайылыммен қамтамасыз ету мәселесі әлі күнге де өзекті екендігін тілге тиек етіп, қала әкімі орынбасарына, қалалық партия филиалының төрағасы мен Атқарушы хатшысына қайтарылған жерлерді халыққа тиімді үйлестіруді тапсырды.

Ақпарат үшін: «Жер аманаты» комиссиясының жер мәселелері жөніндегі «Жедел желісі» телефоны 8 800 080 44 41,өтінімдер WhatsApp арқылы да + 77008004441 нөмірі бойынша қабылданады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: