Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 06:21

Жол сапасы бәрінен маңызды

14.02.2023

605

0

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штабтың отырысында автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау мәселелері қаралды. Штаб отырысында Үкімет басшысы 2030 жылға дейін 8 мың шақырым республикалық және 14 мың шақырым жергілікті автожолдарды сапалы салу мен реконструкциялау міндеті қойылғанын атап өтті.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар мен жос­­парлар туралы индустрия және ин­фра­­құрылымдық даму министрі Марат Қарабаев баяндады. Оның ай­ту­ын­ша, биыл 11 мың шақырым авто­мобиль жол­дары, оның ішінде 7 мың ша­қы­рым республикалық желі жөндеу жұ­мыс­та­рымен қамтылады. Бүгінгі таңда 70 мың шақырым жергілікті желінің 85 пайызы нормативтік жағдайда. Жамбыл (97%), Маңғыстау (96%) және Павлодар (91%) облыстарында жергілікті жолдардың жай-күйі жақсы, 3 өңірде көрсеткіштер орташадан төмен. Олардың қатарында Батыс Қазақстан (46%), Ақтөбе (72%) және Атырау (72%) облыстары бар.
Бұдан басқа министрлік 2024-2030 жылдары халықаралық қаржы инсти­туттарының қаражатын тарта отырып, жалпы ұзындығы 4,4 мың шақырым бо­латын жаңа жол жобаларын іске асы­руды пысықтап жатыр. Атап айтқанда, «Жезказған-Қараганды» – 513 км, «Астана-Костанай-РФ шекарасы» – 830 км, «Бейнеу-Шалқар» – 515 км, «Атырау-Доссор» – 86 км, «Қызылорда-Ақтөбе» – 1 101 шақырым, «Актобе-Орал» – 628 ша­қырым.
Штаб отырысында «ҚазАвтоЖол» ком­па­ниясының басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаев пен бірқатар өңір әкімдері сөз сөйледі. Премьер-Министр жолдардың жай-күйі мен көлік инфрақұрылымы ішкі және сыртқы сауданы дамытудың маңыз­ды факторлары екенін атап өтті.
Үкімет басшысының айтуынша, соңғы уақытта автомобиль жолдарының сапа­сына қатысты шағымдар көп. Жолдың нашарлығы жол апатына себепші болып, адамдардың өліміне әкеледі, транзиттік тасымал көлемін азайтады, сонымен қатар елдің имиджіне теріс әсер етеді.

– Жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыста­рына жұртшылық қанағаттанбай отыр. Интернетте жұмыстың регламент бойын­ша емес, жаңбыр, тіпті қар жауып жатқан кезде жүргізіліп жатқаны түсірілген көп­теген бейнеролик пен фотосуреттер толып жүр, – деді Әлихан Смайылов.
Мысал ретінде Үкімет басшысы Абай облысы Көктерек ауылында қардың үстіне асфальт төселгенін, ал Павлодар облысында асфальтты жолға шашып тастағанын айтты. Кейбір өңірлерде ауыл тұрғындары жергілікті атқарушы органдардан қайыр күтпей, жолдарды өз бетінше жөндейтін жағдайлар кездеседі. Алматы облысы Рысқұлов ауылында, Маңғыстау облысы Атамекен ауылында осындай жағдайлар орын алған. Сонымен қатар бір учаскеде жыл сайын жөндеу жұмыстары жүргізілген фактілер бар.
Әлихан Смайылов жол салу әдістерін түбегейлі өзгертуді талап етті. Сондай-ақ ол өңірлердің әкімдіктеріне жергілікті автожолдар желісін салу және жөндеу бойынша сапалы жұмыс жүргізу тапсырды. Құрылыс маусымын бірден бастау үшін мемлекеттік сатып алу мен құрылыс материалдарын сатып алудың барлық рәсімдерін жақын арада тездетіп аяқтау керек.
Сонымен қатар Премьер-Министр осы жылдың соңына дейін «Мерке-Бурыл­байтал», «Ақтөбе-Атырау-Астра­хан», «Ал­­­ма­ты-Өскемен», «Өнеге-Бейсен», «Каз­­­та­ловка-Жәнібек», «Үшарал-Достық» си­яқ­­ты маңызды автожол жобаларының аяқ­­­­­­­­­­талуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Ерлан ӘНУАРҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: