Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Жексенбі, 13 қазан, 15:45

«Жүлде қоры 35 млн теңге»: «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды

03.05.2023

653

0

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге. Әр номинацияға 5 млн теңгеден қарастырылған, деп жазады Zhalagash-zharshysy.kz

Ұлттық сыйлыққа «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драма», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік әдеби сын», «Үздік комикс» номинациялары бойынша шығармалар қабылданады.

Аталмыш байқауға отандық қаламгерлер қатыса алады, сондай-ақ үміткерлердің жас ерекшелігіне байланысты ешқандай шектеу жоқ.

Өтінімдер 2023 жылғы 1 мамыр – 1 қыркүйек аралығында www.aiboz.kz сайты арқылы қабылданады. Әдеби сыйлық жыл соңында табысталады.

– «АЙБОЗ» – отандық қаламгерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету және ынталандыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыратын ұлттық әдеби сыйлық. Байқауға бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған шығармалар ғана қабылданады. Бұл қазақ әдебиетінің қоры 7 номинация бойынша жүздеген жаңа туындылармен толығады деген сөз. Сондай-ақ қаламгерлер арасында бәсеке пайда болып, соның нәтижесінде оқырманға өзекті, қызықты әрі заманауи шығармалар жол тартады, – деді министрлікке қарасты Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: