Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

9°C

, Жұма, 29 наурыз, 16:36

Жүнісовтер отбасы дауыс берді

20.11.2022

263

0

Кенттегі №130 сайлау учаскесінде 100-ге жуық сайлаушы өз таңдауын жасаған. Бұл да болса жақсы көрсеткіш деп есептейміз. Бастысы жалағаштықтар қай учаскеде болсын белсенді.

Ертемен сайлау учаскелеріндегі қайнаған қызу жұмыспен танысқан біз өңірдегі қарияларымыз үшін бейбіт күннің қаншалықты қымбат екенін түсіндік. Жүнісовтер отбасы алғашқылардың бірі болып келіп, таңдауларын жасап, қалаған кандидатына дауыс берген. «Қоғамға ортақ әрбір игі істе шет қалуға болмайды» деген отбасылық сайлаушылар ел болашағының жарқын болары сенеді. «Сайлау жүйесінің жаңа форматта өтуі тиімді деп ойлаймын. Байқаймын, халықтың қарасы қалың, белсенді. Жастар да өз таңдауларын жасап, дауыс беруде. Көзбен көріп, куә болып, көңілім бір серпілді. Елдің болашағы үшін жасалған әрбір қадамда атсалысу азаматтық парыз деп түсіну керек. Осы мемлекетте өмір сүрген соң, алабөтен ойдан аулақ болып, тілекші болу керек. Әрбір адам қоғамның бір мүшесі ретінде жауапкершілік жүгін арқалаған үміткерлердің сайлауалды бағдарламасына аса мән беруі керек. Барлығымыздың тілегіміз елдің амандығы мен болашағының жарқын болуы ғой. Барлығына сәттілік тілеймін» дейді кент тұрғыны, Жүнісовтер отбасының мүшесі. Комиссия төрайымы М.Кенжеғұлованың айтуынша да, участікке дауыс беруге келгендердің көбі отбасылық сайлаушылар екен.

Иә, расымен кемел келешекке бастайтын әр істің берекелі әрі нәтижелі болары анық. Өйткені жақсылықтың қадамы ұзақ, барар жері алыс деген сөз бар. Еліміз үшін бүгін маңызды күн. Бұл – үлкен мүмкіндік. Сондықтан мұның үлкен өзгерістердің бастамасы екеніне сенеміз. Ал осындай жауапты кезеңде халық өз таңдауын жасаудан құр қалмауы керек. Осындай игі істе үлкендердің батасы мен жастардың қолдауы болса оң нәтижелерге жетеріміз анық.

Айта кетейік, дауыс берушілердің қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар да табылыпты. Участікке қарасты 1300-ге жуық сайлаушы болса, оның осы уақыт ішінде 100-ге жуығы дауыс берген. Ал участік тарапынан ең алғашқы және отбасымен келген сайлаушыларға сыйлықтар берілген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: