Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Жексенбі, 13 қазан, 15:44

Жұмыс қарқыны жоғары,
талап қатаң болады

10.02.2024

282

0

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов 7 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаларды іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Қаржы-экономикалық блок министрлерін тыңдап болған соң Премьер-Министр бюджет шығыстары толығымен экономикалық табыс әкелуге бағытталып, өнімсіз шығыстар толығымен жойылуы керектігін атап өтті.

– Қаржы министрлігі 10 күн ішінде рес­публикалық бюджетке және бір ай ішінде жергілікті бюджеттердің бар­лы­ғына ревизия жүргізіп, аса маңызы жоқ шығыстарды айтарлықтай қысқар­туы тиіс. Ешкім де ақшаны орынсыз шаш­пауы керек, – деді Олжас Бектенов.
Үкімет басшысы Салық кодексінің жобасын қайта жазып, оның фило­со­фиясын өзгерту қажеттігін атап өтті. Ол сарапшылар мен бизнес қоғам­дас­тықтарының пікірлерін ескеру қажет деп есептейді. Ал Салық кодексі биз­нестің белсенді болуына жағдай жасап, оны ұлғайтуға ынталандыруы керек.
Олжас Бектеновтің айтуынша, құ­жатты дайындау кезінде әкімшіленді­руді толық цифрландырып, салық же­ңіл­діктерін беру мәселесін реттеу қа­жет. Премьер-Министр биз­неске фис­калдық шығындар мен әкім­шілік жүк­темелерден қорықпай, «өсу» қа­­ғи­даты бойынша жұмыс істеу үшін тиімді жағдай жасау қажеттігін атап өтті.
Үкімет басшысы өнеркәсіптік да­муға жаңа серпін беру үшін бірқатар нақты міндеттерді белгілеп, бірінші вице-премьер Роман Склярға 10 күн ішін­де барлық ірі өнеркәсіп кәсіпорны иеле­рімен, бірінші кезекте өндіруші сала­лардағы кәсіпорындармен келіс­сөздер жүргізуді тапсырды.
– Олар жақын арада жаңа жоғары дәрежеде өңдеу өндірістерін құрудың нақты жоспарларын ұсынулары керек, – деді Олжас Бектенов.
Бұл ретте Премьер-Министр отан­дық өнеркәсіп саласындағы ал­пауыт кә­сіпорындар қазақстандық тауар­лар­ды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды түбегейлі арттыруы тиіс екенін атап өтті. Олармен тиісті келісімдер жасалмақ.
Құрылыс саласының түйткілді мә­се­лелерін талқылай отырып, Премьер-Министр отандық өндірушілердің өнім­­дерін кеңінен қолданудың маңыз­ды­­лығын атап өтті.
– Барлық сметалық құжаттарға қа­зақстандық құрылыс материалдары мен басқа да заттар енгізілуі тиіс. Сон­дай-ақ сметалық құжаттамаларға мате­риалдар мен жұмыстардың құ­нын орынсыз жоғарылатып жіберуге қа­­тысты тексеру жүргізіңіздер. Смета­лардың құны көтеріліп кететіні баршаға мәлім. Бұл мәселеде де тәртіп орнату керек, – деді Олжас Бектенов.
Үкімет басшысы өнеркәсіптік кәсіп­орындарды энергиямен сенімді түрде қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Президенттің тапсырмасы бойынша биыл 700 МВт-тан астам қо­сымша генерацияны іске қосу қажет. Олжас Бектенов тапсырма орын­дал­маған жағдайда тиісті қорытын­дылар жасалатынын атап өтті.
Су ресурстарымен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты Премьер-Ми­нистр жауапты министрлікке экономи­ка салаларында суды ұтымды тұ­ты­­ну жөніндегі шаралар ке­шенін да­­­йын­­­­дауды, сондай-ақ су пайдалану мә­­­де­ниетін енгізу жөніндегі жұ­мыс­тарды пысықтауды тапсырды. Қатты тұр­мыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салуға қатысты Үкімет басшысы бір ай мерзімде жеке ин­вес­тициялар тарту жөнінде ұсыныс­тар әзірлеуді талап етті.
– Ұсыныстар жалпылама көзқа­рас­тарды ғана емес, әлеуетті инвес­торлары мен іске асыру мерзімдері бар нақты жобаларды білдіреді, – деді Премьер-Министр.
Әлеуметтік блок мәселелеріне тоқ­талған Олжас Бектенов ең алдымен МӘМС жүйесін реформалау қажеттігіне назар аударды. Үкімет басшысы МӘМС жүйесі елеулі қайта форматтауды қа­жет етеді деп есептейді. Алдағы уақыт­та қаражатты тиімсіз жұмсау мен артық жалған тіркеулер бола тұра оны қаржыландыруды ұлғайтуға жол берілмейді. Енді сала толық цифр­ландыру мен ашықтықты талап етеді.
Үкімет отырысында О.Бектенов цифр­лық трансформацияны жүргізу, көлік және ауыл шаруашылығы сала­ларын дамыту, «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаң­ғырту» ұлттық жобаларын іске асыру, сондай-ақ азаматтарды әлеуметтік қол­дау, мемлекеттік сатып алу және мем­лекеттік-жекешелік әріптестік те­тік­терін реформалау жөнінде нақты тап­сырмалар берді.
– Біз батыл әрекет ететін Үкімет боламыз. Бізге өсу қарқынын тиімді ұлғайту, экономиканы әртарап­тан­ды­руды белсендірек жүргізу, инвес­тиция тарту және барлық міндеттерді шешу үшін жеткілікті өкілеттіктер берілді, – деді Олжас Бектенов.
Оның айтуынша, формализм мен бюрократиялық сарсаңға са­лу­ды то­лығымен жоя отырып, стереотип­тер­ден арылу қажет. Сондай-ақ министрлер өз бетінше шешім қабыл­дай білуі тиіс, енді олар салалық мәсе­ле­лерді өз деңгейінде жедел шешуі қажет.
– Жұмыс қарқыны жоғары, талап қатаң болатынын әркім түсінуі тиіс, – деп Премьер-Министр сөзін қоры­тындылады.

Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: