Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

30°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 13:19

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу қызметі бойынша оңтайландыру шаралары»

13.08.2022

409

0

Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңына өзгерістер мен толықтыруларға байланысты  жылжымайтын  мүлікке  құқықтарды мемлекеттік тіркеуші орган «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы болып табылады, осы орайда Мемлекеттік корпорация жылжымайтын мүлік объектісін тіркеу көрсеткіші бойынша Қазақстанның ұстанымын жетілдіруге қатысады. Жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтық ауыртпалықтардың) және онымен жасалатын мәмілелердің туындауы, өзгеруі немесе тоқтатылуы мемлекеттік тіркеуге жатады.

Соңғы жылдары  іске  қосылған  заңды тұлғаларды электронды тәсілмен, электронды үкімет порталы «EGOV» арқылы тіркеу, кәсіпкерлерге өз көмегін тигізуде. Қазіргі уақытта кәсіпкерлер мен тұрғындарға мемлекеттік мекемелердің есіктерін қақпай, электронды кілт алу арқылы осы мекемелер көрсететін көптеген қызметтерді өз компьютерінде отырып-ақ ала беру мүмкіндігі бар. Осы атқарылып жатқан іс-шаралар сыбайластық пен жемқорлықты мейлінше болдырмау, оны түбегейлі жою мақсатында және мемлекетіміздің дамыған елдердің алдыңғы қатарына қосылуына себебін тигізуі хақ.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне қатысты бірқатар өзгертулер енгізілді. Соның бірі, жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша жеделдетілген мемлекеттік  қызмет түрі  бір жұмыс күн ішінде орындалады, сонымен қатар,  нотариус арқылы жасалатын мәмілелер  жеделдетілген қызметпен екі сағат ішінде тіркеп алу мүмкіндігі қарастырылған.

С.Кубенова,

Жалағаш аудандық тіркеу және

Жер кадастры бөлімінің бас маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: