Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Бейсенбі, 21 қараша, 15:01

«Шаш сусабынға үйреніп қалады» деген рас па әлде аңыз ба?

25.02.2024

852

0

Сусабын сатып алып, біршама уақыт қолданғаннан кейін оның жақсы әсері кетіп қалады. Шаш сынғыш, құрғақ бола бастайды. Таныс жағдай ма? Неліктен бұлай болатынын дерматолог, трихолог Юлия Андреевна түсіндірді, – деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz тілшісі Massaget.kz сілтеме жасап.

Шаштың сусабын, бальзам немесе шайғышта кездесетін белгілі бір өнімдерге немесе белгілі бір компоненттерге тәуелділік қасиеті жоқ. Сусабын құрамының бір бөлігінде силиконның көп мөлшері бар, олар шашта жиналып, уақыт өте келе сырт көрінісіне әсер етеді.

Мәселен, шашыңыздың тез майланып кететінін байқаған боларсыз. Бұл, ең алдымен, тері майы құрамының өзгеріп, оның гипер – және гипопродукциялануы. Ең дұрысы, сусабынды бас терісінің қажеттілігіне қарай таңдау керек.

«Егер шашыңыздың күйі ұнамай, тез майлана беретін болса, сусабынды ауыстырыңыз. Сусабынды дұрыс таңдау үшін трихологқа бару және арнайы трихоскоп құралының көмегімен шаш пен теріні диагностикалау», – деді ол. 

Кейде дұрыс емес күтім де белгілі бір аурудың өршуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Немесе шаштың күйін жақсарту үшін сусабынды өзгертіп қана емес, қосымша ем алуды да тағайындау қажет.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: