Жалағаш ауданында Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – дастан» атты мерекелік концерт өтті. Салтанатты шараға аудан тұрғындары мен қонақтары, ардагерлер және БАҚ өкілдері қатысты.
Шарада аудан әкімі Асқарбек Есжанов сөз сөйлеп «Ұлттық домбыра күні» мерекесімен құттықтады.
«Домбыра – қазақ халқы үшін жай ғана музыкалық аспап емес, ол күнделікті барлық тұрмыс-тіршілігімізден биік тұрған киелі құндылық. Қазақтың сал-серісі үкілі домбырасын қолға алып, елге шыққанда халық оларды төредей күтіп, төбесіне көтерген. Ата-бабаларымыз үкілі домбыраны қастерлеп төрге ілген. Бабаларымыздан қалған осы бір игі дәстүр қазір де жалғасып келеді. Қазақтың кез-келген отбасында киелі домбыра шаңыраққа сән беріп, төрінде ілулі тұр», – деді аудан басшысы.
Бірқатар сала қызметкерлері мәдениет саласының үздігі төсбелгісімен, аудан әкімінің «Алғыс хатымен»марапатталды.
Шара соңы Қ.Қазантаев атындағы аудандық Мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!