Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Жұма, 22 қараша, 17:48

Әлемдегі танымал тұлғалардан кімдер вакцина салдырды?

30.01.2021

516

0

Бірнеше күннен кейін, яғни 1 ақпаннан бастап Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация басталады деп жоспарлануда. Вакцинациялау үшін ресейлік «Спутник V» вакцинасы таңдап алынды. Бұл вакцинаны кейде Гам-КОВИД-Вак деп те атайды.

Таяуда сайланған АҚШ президенті Джо Байден біріншілерден болып вакцина салдырды. Ол қазір 78 жаста, сондықтан денсаулығын сақтау үшін екпе егуге бірден келіскен.

Байденге Pfizer және BioNTech вакцинасы салынды.
Ал, Түркия президенті Режеп Ердоған болса коронавирус инфекциясына қарсы қытайлық CoronaVac препаратын салдырды. Ердоғаннан бұрын Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин Қожаға вакцинация жасалғанын айта кету керек.
Гвинея президенті Альфа Конде«Спутник V» вакцинасын салдырған алғашқы президент болды. Сондай-ақ, елде Қорғаныс министрі бастаған 19 жоғары лауазымды тұлғаға вакцина егілді. «Спутник V» қазақстандықтар пайдаланғалы жатқан вакцина екенін бәріңіз белесіздер.
Аргентина президенті Альберто Фернандес те ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырыпты. Ал президенттен алдын Буэнос-Айрес денсаулық сақтау министрі Даниэль Голланға вакцина егілген.
Ватиканда 84 жастағы Рим папасы Франциск пен 93 жастағы Бенедикт XVIPfizer вакцинасын салдырды.
Актер және Калифорнияның бұрынғы губернаторы Арнольд Шварценеггерге коронавирусқа қарсы Pfizer және BioNTech вакцинасы егілді. Ал америкалық деректі фильмдер режиссері Оливер Стоун ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырған.
Қазақстанда кімдер салдырды?
Қазақстанда ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов алғашқылардың бірі болып коронавирусқа қарсы отандық вакцина ектірді. Сондай-ақ, еріктілер қатарында Қазақстан Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев болды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та отандық вакцинаны салдыратынын мәлімдеді. Мемлекет басшысы қазақстандық препараттың сынақ нәтижелерін күтіп отыр.
Тоқаев 26 қаңтарда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында: «Егер жақсы нәтиже көрсетсе, мен дәл осы қазақстандық вакцинаны салдырамын», – деген болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: