Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Сенбі, 23 қараша, 16:34

Жапониядағы ең ірі жанартау атқылады

25.07.2022

3113

0

Жапонияда Сакурадзима жанартауы атқылап, Кюсю аралында қауіптің бесінші деңгейі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Kyodo News агенттігіне сілтеме жасап.

Сакурадзиманың алғашқы атқылауы жексенбі күні кешке болды. Салдарынан жанартау жыныстары мен күл кратерден 2,5 км радиусқа дейін шашыраған.

Жанартау маңындағы қауіп деңгейі бес балдық шкала бойынша максимумға дейін көтерілді, бірақ сарапшылар қазіргі уақытта ауқымды атқылау қаупі жоқ деп есептейді. Төтенше жағдайға байланысты ақпарат жинау үшін Жапония премьер-министрінің кеңсесінде жедел штаб құрылып, Кагосима билігі 100-ге жуық адам тұратын жанартауға іргелес екі аймақты жартылай эвакуациялау туралы хабарлады.

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ, жанартаудың айналасын метеорологиялық департамент мамандары тексеріп жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: