Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Сенбі, 21 желтоқсан, 21:12

Шөп жинау және жем-шөп дайындау кезінде өрт қауіпсіздігі қағидасын сақтаңыздар!

29.08.2023

450

0

       Бүгінгі күні шөп жинау және күрделі жемшөп дайындау бойынша жұмыстар ауыл шаруашылығында қызу кезеңінде. Атқарылып жатқан жұмыс кезінде ыстық, құрғақ және желді ауа райы, көп санды ауыл шаруашылық техникалары, жанар-жағар май материалдары өрт қауіпті жағдайды тудыруда. Малға күрделі жем-шөп жинау үшін, тек ауыл тұрғындары емес, сонымен бірге көптеген адамдар жаз бен күз мезгілдерінде қол үзбей жұмыс жасайды. Ұзақ уақыт атқарған жұмыстың нәтижесі санаулы минуттарда өртеніп, жойылып кетуі өзекті өртейтін қайғы әкелетіні рас.

       Жем жинайтын арнайы техникалар, тракторлар, автокөліктер және өзі жүретін шассилерге жанармай құю ережелерінің бұзылуынан өрт туындауы мүмкін. Төгілген май, бензин, керосин және тағы басқа жеңіл тұтанушы және жанғыш сұйықтықтар маңызды қауіпті төндіреді. Дала және жемшөп жинау орындарында болатын өрттердің себептері: оталдыру жүйесінде, ауыл агрегаттарының пайдалнылған кернейіндегі ұшқындардан, оларда жарамды ұшқын сөндіргіштің болмауы, агрегаттарда жиналып қалған астық сабақтарының үйкелуі.

       Өрттің алды-алу және материалдық зардап шекпеу мақсатында келесі маңызды ержелерді естеріңізге саламыз:

       Тұрғын үйдің мекен учаскелерінде шөптерді жинау ғимаратқа және аула алдындағы құрылыстарға дейін кемінде 15 метр қашықтықта орындалады.

       Тыйым салынады:

1) қоралардың шатырларына және басқа шаруашылық құрылыстарына жинауға;

2) электр жеткізу желілерінің астына жинауға;

3) учаскенің сыртқы қоршауынан кемінде 3 метр қашықтықта;

4) көшелерде, жолдарда, аулалық учаскелерден тыс шөп шошақтарын, шөмеле, маяларын, сабан және басқа да ірі жем-шөпті орналастыруға жол берілмейді.

       Ірі жем-шөптерді тасымалдау пайдаланылған құбырлары радиатордың астынан шығарылған, ұшқын өшіргіштермен және қосымша екі ұнтақты өрт сөндіргішпен жабдықталған арнайы көлік құралдарында жүзеге асырылады.

       Ірі жем-шөптерді жинау биіктігі жер деңгейінен 4 метрден аспайтындай етіп орындалады.

       Құрметті азаматтар! Отты пайдалануда ойланбай істейтін әрекеттерге жол бермеңіздер! Егер Сіз, өрт немесе жану оқиғасын байқасаңыз, немқұрайлық танытпай, тез арада өрт сөндіру бөліміне «101», «112» телефон нөмірі арқылы хабарлаңыз.

    Жалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: