Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

10°C

, Жексенбі, 27 қазан, 04:22

ЖАЛАҒАШ АУДАНДЫҚ ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

22.09.2023

475

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының кезектен тыс ХХХVІІІ конференциясы болды. Аталған жиынның күн тәртібінде «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасын сайлау туралы және «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы Саяси кеңесі құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.

Партияның аудандық филиалының конференция жұмысына арнайы партияның Қызылорда облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова сонымен қатар, бастауыш партия ұйымының жетекшілері, партия ардагерлері, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, партия белсенділері, «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Конференция жұмысын «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасын сайлау бойынша мәселесі қаралды. Осы уақытқа дейін партия филиалының төрағасы қызметін атқарған Жақсылық Уздембаевқа алғыс білдіріп, партия филиалының жаңа төрағасы лауазымына аудандық мәслихат төрағасы Елеусінов Өмірзақтың кандидатурасы ұсынылып, жиынға қатысушы делегаттардың ашық дауыс беру арқылы қолдау тапты. Өз кезегінде сөз алған жаңа төраға аманаттықтардың өзіне артқан сенімдеріне зор ризашылығын білдіріп, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Уздембаев Жақсылық Нұрбайұлы – «Өркен Әлем» ЖШС директоры, «AMANAT» партиясы атынан сайланған VII шақырылымдағы Қызылорда облыстық мәслихат депутаты. Партияның «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында түрлі форматта іс-шаралар ұйымдастырып, жоғары деңгейде өтуіне атсалысты. Партияның ұйымдастыруымен Жаңадария ауылдық округінде өткен Мобильді қоғамдық қабылдау барысында түскен ауылдық клуб қызметкерлерінің өтінішін оң шешу мақсатында Жаңадария ауылдық клубының 13 қызметкеріне сахналық киім тігіп беріп, демеушілік жасады. Сонымен қатар, еліміздің басына күн туған уақытта қуаңшылық жайлаған Арал ауданына, табиғи апатқа ұшыраған Қостанай облысына, жылусыз қалған Екібастұз қаласына қажетті көмек жолдарын ұйымдастырып, өз азаматтық ұстанымын білдірді. «Баланы мектепке даярлайық»! республикалық акциясы аясында 2023 жылы 80 оқушыға оқу-құралдары салынған рюкзак сыйға тартса, 2022 жылы 150 оқушыға, 2021 жылы 32 оқушыға мектеп формасын тігіп берді.

Жиын барысында сөз алған облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Бегалықызы партия филиалы төрағасы қызметін атқарған Жақсылық Нұрбайұлына облыстық партия филиалының «Алғыс хатын» табыстап, атқарған жұмыстары үшін ризашылығын білдірсе, жаңадан сайланған төраға Өмірзақ Тұрымбетұлының жұмысына сәттілік тіледі!

Сонымен бірге, партияның саяси Тұғырнамасы мен Сайлауалды бағдарламасында айқындалған еліміз бен аймағымыздың табысты дамуына бағытталған міндеттері, мәслихаттардағы партия фракциясы, Сайлауалды бағдарламаны іске асыруға арналған Жол картасының әрбір индикаторлары, сайлау науқаны кезінде тұрғындардан түскен талап-тілектердің орындалуы, «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының алғашқы республикалық форумында мәслихаттар жұмысындағы өзгерістерді ілгерілету мен өкілеттіктерін кеңейту мәселелері, Қоғамдық қабылдау жұмысы, «Ауыл аманаты» және «Жер аманаты» туралы бірқатар міндеттерді айтып өтті.

Біздің жетістігіміз ортақ. Дегенмен бұл жетістік өз кезегінде бізге үлкен жауапкершілік те жүктейтінін де ұмытпауымыз керек. Ендігі міндетіміз халық аманаты мен сеніміне адал болып, Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, елдігіміздің ғұмырлы болуы мен мемлекетіміз бен аймағымыздың қарқынды дамуы бағытындағы жұмыстарды белсенді жүргізу – деді Ләйлә Төрешова.

Сөз алған партияның алғашқы құрылған жылдары жетекшілік жасаған партия ардагері Сүлейменов Кенжеғара аудандық партия филиалында 100-ден астам ғана мүшесі бар ұйымның, қазіргі күні 3000 астам партия мүшесі бар іргелі ұйымға айналып, 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы еліміздің әрбір азаматының мүддесін ескергенің жеткізіп, осы уақытқа дейін аудандық партия филиалына төрағалық еткен Жақсылық Нұрбайұлына алғысын білдіріп, жаңадан сайланған Өмірзақ Тұрымбетұлына сәттілік тіледі.

Өз кезегінде сөз алған партияның аудандық филиалының төрағасы Өмірзақ Тұрымбетұлы өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқаруға және алдағы уақытта барша партияластарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Күн тәртібіне қойылған екінші мәселе бойынша партияның аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамы делегаттардың ашық дауыс беру нәтижесі бойынша жаңартылды. Мұнан соң партияның аудандық филиалының төрағасы Өмірзақ Тұрымбетұлы төрағалығымен Саяси кеңестің кеңейтілген отырысымен жалғасып, Саяси кеңес Бюро құрамынада өзгерістер енгізілді.

#AMANAT

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: