Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 14:11

Құтқарушы Есентай

17.10.2023

341

0

Төтенше жағдайлар бөлімі ауданға қарасты мекеме бөлімдерімен және ерікті жастармен бірлесе отырып, тұрғын үй секторында өрттің өсуіне жол бермеу және адам шығынына жол бермеу мақсатында профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде өткізіп келеді. Тұрғындардың жылу беру кезеңіндегі өрт қауіпсіздік ережесі талаптарын қатаң сақтап, оқыс оқиғалардың алдын алу төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің басты назарында.

Есентай Болатбекұлы – аудан­дық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженер қызметкері. 2016 жыл­дан бастап төтенше жағдай бөлі­мінде еңбек етіп келе жат­қан Есен­тайдың алғашқы еңбек жолы Шиелі ауданында өрт сөндіру қыз­меткері болудан басталған. 2021 жылдан бас­тап аудандық тө­тенше жағдай­лар бөліміне инже­нер болып орналасқан ол 2022 жылдың қаңтар айынан бастап аға инженер болып қызмет етуде.


– Біздің жұмыстың басты мақ­саты – төтенше жағдай­лар­дың алдын алу және оларды бол­дырмау. Уақытымыздың басым тұр­ғын­дарға түсіндірме жұмыс­та­рын жүргізу, оқыс оқиғалардың ал­дын алу және басқа да төтенше жағдайларды жою сал­ды­рымен жұмыс жасауға арналады. Қа­зіргі таңда ата-аналар күн­діз жұмыста болатындықтан балаларды сыртынан құ­лыптап кетеді. Сондай кездерде балаларға терезе ар­қылы түсіндірме жұмыстарын жүр­­гізіп келеміз. Үнпарақтардың ар­тында шырпымен ойнамау, жақ­пау деген сынды суреттер бар. Сол суреттерді көрсету ар­қылы кішкентай балаларға шыр­пының зиянын түсіндіреміз. Ау­­ла­сынан кіргізбейтін кейбір ау­дан тұрғындары да кездесіп жатады. Ондай жағдайда біз үнпа­рағымызды қақпа сыртына қыстырып, сол үйдің мекен-жайы мен аты-жөнін толық жазып, арнайы журналға үйіне кіргізбей, түсіндірме жұмыстарын жүр­гізуге қарсы болғаны үшін тір­кеп қоямыз. Кейін сол үйде қан­дай да бір оқыс оқиға немесе өрт шарпыған кезде тіркел­ген жур­нал арқылы жұмыс жасауы­мызға кедергі болғанын растап, өз жұмысымызды дәлелдейміз, – дейді Есентай Болатбекұлы.


Қазіргі таңда төтенше жағдай департаменті бастығының бұй­ры­ғына сәйкес әр сенбі күні «Өрт қауіпсіздігі сенбілігі» болып жа­рия­ланған. Аталған бөлім қыз­мет­­керлері әр сенбі сайын таңғы сағат 9.00-ден түскі сағат 15.00-ге дейін ау­­дан тұрғындарын және басқа да ауылдық округтерді аралап, «Тұр­­мыстағы өрт қауіпсіздігі», «Газ және электр жабдықтарын пай­далану кезіндегі қауіпсіздік ша­ралары», «Көмірқышқыл газы адам өміріне қауіпті», «Жағылған қоқыстарды бақылаусыз қалдыр­мау», «Сіріңкелер бала­ларға ар­­налған ойыншық емес», «Бала­ларды қараусыз қал­дыр­­мау» та­­қы­­рып­тарында үгіт-насихат жұ­­­мыстарын жүргі­зіп, арнайы дайын­­далған жадынамалар та­ратуда.


Айта кетейік, Есентайдың әкесі Болатбек Жалғасбаев та осы са­ланың үздік ардагері. Ол 2007 жылы Қызылорда қала­сындағы №10 өрт сөндіру бө­лімінің бастығы болып, подпол­ковник шенімен зей­неткерлікке шыққан. Әке жолын жалға­ған Есентай Бо­латбекұлы да жауапты қызметті абы­роймен ат­қа­рып, елдің алғысын алуды көздейді.

   Ақтоты БҮРКІТБАЙ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: