Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Бейсенбі, 26 желтоқсан, 16:46

Кәсіпкер «Оян, қазақ!» фильмінің режиссеріне көлік сыйлады

23.10.2023

627

0

Алаш қайраткері, қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман саналатын «Бақытсыз Жамал» және «Оян, қазақ!» сынды сүйекті шығармалардың авторы Міржақып Дулатұлының соқтықпалы-соқпақты ғұмыры туралы  фильм түсірген режиссер Мұрат Есжан мен оңтүстіктен солтүстікке көшті ұйымдастырып жүрген қоғам белсендісі Бурахан Даханға кәсіпкер көлік тарту етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақ руханиятының алтын қорына орасан қазына қосқан, Алаш қайраткерлерінің ел үшін атқарған ерен еңбегін қайта жаңғыртып, сапалы фильм түсіріп көрерменге сәулелі дүние ұсынған Мұрат Есжан бауырымызға темір тұлпар тарту етуді жөн санадық.  Еліміздің оңтүстігінен теріскейге көшті бастап, азаматтардың солтүстіктегі ауылдарға көшіп баруына қозғау салып жүрген қоғам белсендісі  Бурахан Даханның еңбегі қандай құрметке де лайық. Азаматтар алдағы уақытта жаңа көлікпен жүріп, еліміздің өркендеуіне үлесін қоса беруіне тілеулеспіз», деді кәсіпкер Сырымбек Тау.

«Жүк салғыштың есігін ашу үшін көліктің ішінен еңбектеп жетуші едім, терезесі ашылса жабылмайтын салдырлақ көлігіме еш өкпе жоқ. Салдырласа да осы  мәшинемен жүріп те  «Ахмет. Ұлт ұстазы», «Оян, қазақ!» сериалдарын түсірдік. Сырымбек Тау  мырза салтанатты шараға шақырғанда ойда түк жоқ келіп, көлігімді қымбат мәшинелердің қасына қаңтаруға ұялып, қалтарыстау жерге қалдырып кетіп едім. Ойламаған жерден құрмет көрсеткені, тосын сый болды расында», деді Мұрат Нұрәкімұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: