Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Бейсенбі, 26 желтоқсан, 19:23

Абайтану кабинеті ашылды

24.10.2023

535

0

Бүгін Республика күніне орай Абай мұрасын насихаттау, Абай шығармаларын тереңдетіп оқыту мақсатында Б.Ермекбаев атындағы №271 орта мектепте «Абайтану» кабинеті мен «Алаштану» кабинеті ашылды.

Шараға Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы, «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық қорының мүшесі Сайлаубай Әбішов пен төрайымы Алмагүл Божанова қатысты.

– Абай – қазақтың бас ақыны, әлемдік тұлға, кемеңгер ойшыл. Ұлы ақынның өмiрi, артында қалған мұрасы – ақындықтың, ойшылдықтың, данышпандықтың мектебi ғана емес, ұлтын сүюдiң, халқына жанашыр болудың өмiрлiк өнегесi. Осы орайда Абай Құнанбаевтың өмірін, шығармашылығын зерттеу, оның мол мұрасын келешек ұрпаққа жеткізу бүгінгі күннің басты миссиясы. Болашағы зор кабинеттің алдағы уақытта абайтанушы ғалымдар тәрбиеленіп, қалыптасады деп сенеміз. Бұл кабинетті ашудағы мақсатымыз – Абай заманынан кейінгі қазақ қоғамындағы үлкен құбылыс – Алаш қайраткерлерін және олардың ағартушылық саладағы сіңірген орасан зор еңбектерін кейінгі ұрпаққа, оқушыларға кеңінен таныстыру, насихаттау, – деді бөлім басшысы.

Абай – ғасырда бір туатын ғұлама, ақын, ағартушы. Бүкіл түркі тектес халықтан шыққан әлемдік тұлға. Ұлы ақынның шығармашылығында халықтың болмысы-бітімі, тұрмыс – тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні мен ділі, тілі, рухы кеңінен көрініс тапқан. Мұның барлығы Абай әлеміне деген бірегей ұғым қалыптастырды. Абай әлеміне оқушылардың тереңірек үңілуіне, оқып білуіне ашылған клуб зор мүмкіндік тудырып отыр.

Шара барасында «Абайтану» кабинетінің лентасы қиылып, мектеп жанынан кұрылған «Асыл әжелер» ансамблі «Көзімнің қарасы» әнің орындады.

Көркі көз тартарлық етіп безендірілген, әрқилы заманауи қондырғылармен жабдықталған кабинетке ұлы ойшылдың шығармалары қойылыпты. Қазір мектеп оқушылары осы жерде рухани нәр алуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: