Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Жексенбі, 24 қараша, 11:25

Қызылордада 70 мыңнан астам адамға «Pfizer» вакцинасы салынды

09.03.2022

531

0

Қызылорда облысында соңғы тәулікте коронавирустың бір жағдайы тіркелді. Өңірде вакцинацияның І компонентін 94,8 пайыз, ІІ компонентімен 92,2 пайызды құрады. Ал «PFIZER» екпесімен 70 475 адам қамтылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов хабарлады.

«Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай күннен-күнге жақсарып келеді. Қазіргі таңда облыс бойынша инфекциялық стационарда 1 адам, ал жансақтау бөлімінде 4 науқас емделуде. Облыстағы барлық емханаларда вакцинациялау жұмыстары жоспар бойынша жүргізілуде. Бүгінде 154 637 облыс тұрғыны ревакцинациядан өтті», – деді Жангелді Шаймбетов.

Облыс көлемінде бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясының 24 105 жағдайы тіркелді. Ауруға шалдыққандардың 65 пайызы клиникалық белгілермен анықталған.

«Өткен тәулікте бір науқас тіркелді. Қазіргі таңда оған барлық медициналық шаралар қолданылуда. Сонымен қатар, облыста «PFIZER» екпесін 97 695 тұрғын алды. Оның 63 500 жасөспірім. Жоспарланғандардың І турмен 72,0 пайыз, ІІ турмен 40,4 пайызына екпе жүргізілді. Ал жасөспірімдер арасында І турмен 62 101, ІІ турмен 35 054 жасөспірім екпеден өтті», – деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Әлия Ыдырысова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: