Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-6°C

, Жұма, 27 желтоқсан, 07:09

«Сыр жастары» бағдарламасымен 100 жас отбасы баспаналы болмақ

16.11.2023

529

0

«Сыр жастары» аймақ жастарына деп  жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасы қабылданды. 

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 1 200,0 млн теңге, «Отбасы банк» АҚ тарапынан 500 млн.теңге қаржы бөлінген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов баяндады.

–  «Сыр жастары» бағдарламасына құжат қабылдау 12-26 қазан аралығында ұйымдастырылып, конкурсқа 789 жастан өтінім түсті. 2023 жылдың соңына дейін бағдарлама аясында 100 жас отбасы баспаналы болады деп жоспарлануда» ,- деді Алмасбек Әбілқасымұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: