Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Бейсенбі, 21 қараша, 18:45

«Қазақстан аруы – 2023»: Қызылордалық Ботагөз Нұржігітова вице-мисс атанды

15.12.2023

1775

0

  21 жастағы Сабина Ыдырысова республикалық «Miss Qazaqstan-2023» байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан .

Байқау үш кезеңнен тұрды. Қазылар алқасының шешімімен үшінші кезеңге бес ару өтті. Олар: Аяулым Әлімхалиева, Сабина Ыдырысова, Мәдина Әлмұханова Аделина Балғымбаева, Ботагөз Нұржігітова.

«Қазақстан аруы – 2023» конкурсының жеңімпазы атағын алматылық ару Сабина Ыдырысова жеңіп алды. Ол енді Әлем аруларының сұлулық байқауында Қазақстанның намысын қорғайды. Жеңімпаз аруға Тұран университетіне грант пен 5 млн теңге берілді.

Ал Ботагөз Нұржігітова «Қазақстан аруы – 2023» байқауының вице-мисі болды, «Жер аруы – 2023» атағын Аяулым Әлімхалиева иеленсе, «Ғалам аруы – 2023» атағына Мадина Әлмұханова лайық деп танылды.

«Мисс Invictus – 2023» номинациясын Алина Имирова, «Мисс Sun Group – 2023» номинациясын Аяулым Әлімхалиева алды. Бұл екі номинация демеушілердің атынан тағайындалған.

«Көрермен көзайымы – 2023» номинациясын Аделина Балғымбаева иеленді.

«Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауы ұйымдастырушыларының айтуынша, байқауға қатысуға былтыр 20 мың қыз өтінім берсе, биыл 17 мың қыз тілек білдіріпті. Биылғы жартылай финалға республиканың түкпір-түкпірінен 25 ару қатысты, ал былтыр бағын сынағандар саны 23 болған.

«Шоуға кастингтер мен байқаудың жартылай финалы нәтижесінде іріктеліп алынған 25 қыз, оның ішінде аймақтық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты. Конкурсқа қатысушыларға қойылған негізгі талаптар: жасы 18-ден 25-ке дейін, бойы 165 см-ден жоғары, Қазақстан Республикасының азаматы, тұрмыс құрмаған және баласы болмауы керек», – дейді ұйымдастырушылар.

25 қыздың 17-сі аймақтық кастингте жеңіске жеткендер, ал қалған қатысушылар жыл басында басталған жарнамалық науқанның нәтижесінде кастинг арқылы іріктелген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, арулардың тән сұлулығы ғана емес, ақылы мен мәдениеті, білімі мен талғамы, сондай-ақ табиғатқа деген жанашырлығы сараланған.

Екі сағатқа созылған байқауда қыздар төрт рет сахна төрінде сән мен сымбатын көрсетіп, интеллектуалды сұрақтарға жауап берді.

Биылғы байқау арулар арқылы көрермен назарын Жер-Ананың проблемасына аударды. Өрт, құрғақшылық, лас ауа, табиғатқа қолдан жасалған қиянат: сахнадағы қойылымның барлығы қай адамның болсын, көкейінде терең ой мен мұң қалдырады.

Мисс.jpg

«Қазақстан аруы – 2023» байқауының вице-мисі қызылордалық Ботагөз Нұржігітова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: