Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Дүйсенбі, 23 қыркүйек, 13:30

Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтіледі – негізгі өзгерістер

08.01.2024

355

0

Ішкі істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны ары қарай күшейту шараларын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

2023 жылдың соңында президенттің жарлығымен Адам құқықтары және заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары бекітілді. Оған сәйкес, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды ілгерілету жөніндегі шараларды күшейту бойынша заңнамалық түзетулер әзірленді.

Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаеваның айтуынша, алдағы уақытта денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу сияқты әрекеттер үшін қылмыстық жазаға тарту жоспарланып отыр.

«Құқық бұзушының мінез-құлқына қойылатын ерекше талаптар шеңберінде сотқа «агрессорды» тұрғын үйден уақытша шығару құқығы беріледі. Оған әлеуметтік бейімделу орталықтарында өз іс-әрекетін ой-елегінен өткізуге мүмкіндік беріледі», – деді Серікбаева.

Сондай-ақ сот басбұзарды денсаулық сақтау ұйымдарында міндетті психокоррекциялық курстардан өтуге міндеттей алады.

«Осыған ұқсас ерекше талаптар Қылмыстық кодекс шеңберінде де белгіленеді. Сонымен қатар ішкі істер министрлігінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған дербес бөлімше құрылады. Ол бөлімшелер тек тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күреспен айналысады», – деп атап өтті инспектор.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: