Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Жұма, 22 қараша, 05:31

Аудан құрамасы абырой биігінде

04.02.2024

745

0

Ауданда спорт саласы өркендеп, спортшыларымыз биік белестерді бағындырып жүргенін көріп жүрміз. Олар мықтылығын дәлелдеп, әлемдік жарыстарда көк байрағымызды желбіретіп, ауданның намысын қорғауда. Облыстық шағын футболдан ұлттық мектеп лигасына ауданнан «Наркескен» спорт клубы футбол командасы қатысып, жүлделі І орын иеленді. Сондай-ақ олар наурызда өтетін республикалық жарысқа жолдама алды.

3 күнге созылған аяқдоп шеберлері арасындағы тартысты бәсекеде 7 ко­ман­дамен кездесу өткізген аудан қыз­дары бірінші күннен-ақ чем­­пиондыққа үміт­кер екенін көр­сетіп, алғашқы ойын­да Сырдария құ­ра­масын 10:0 есебімен тізе бүктірді. Дәл осы да­йын­дықпен ке­лесі күндері де қалған ко­ман­даларды ойсырата жеңді. Ақ­тық ойында Арал қыздар құрамасымен бақ сынап, 3:1 есебімен жеңіп, биыл да об­лыстың чем­пионы атанды. Қазіргі таңда қыз­дарымыз республикалық ойын­ға қызу дайындық үстінде.
– 2014 жылдан бастап «Нар­кескен» спорт клубында аға жаттықтыру­­шы­ қызметіне орна­ласып, 2016 жылы фут­бол­дан қыздар бө­лімін аш­тым. Со­дан бері қыздар фут­болы жақсы дамып, облыс көле­міндегі ірі жарыстарда жар­қын жеңіс­­терге жетіп жүр. Облыстың үш дүр­кін чемпионы, үш рет күміс, екі рет қола жүлдегер атанды. Екі фут­болшы қызымыз «Қайсар» футбол клу­бын­да облыс намысын қорғап жүр. Чем­пиондыққа жетелеп, қыздардың жүл­­дегер атануында менен бөлек Ра­шид Бекарыстанов пен Есмағанбет Ғаб­дулла да өз үлестерін қосуда. Күн­делікті жаттығу мен дайындықтың арқасында үлкен нәтижелер көрсетуде. Жалпы ауданда қыздар футболының дамуына үлес қосқан мектептер ұжы­мы мен қыздарымыздың ата-ана­ла­рына айтар алғысым шексіз, – дейді жаттықтырушы Жаңқожа Сағынбайұлы.
Аудан құрамасы тек чемпион бо­лып қана қоймай, құрамадағы 14 доп­ты қақпаға дәл бағыттаған Аль­бина Смайл «Үздік шабуылшы», ал Маржан Мейрамбекқызы облыс бо­йын­ша «Үз­дік ойыншы» номинациясымен мара­пат­тал­ды. Расымен спортшысы жеңіске жетсе, бапкерінің қуанышында шек болмас. Әрбір футболшының же­тістігін мақтана айтып, Жорабек Ұлту мен Болатбек Назымның үлкен фут­болдан Қызылорда облысының «Қайсар» футбол клубына жолдама алып, қазір облыс намысын қорғап жүргенін және Сайлау Ферузаның Астана футбол клубында ойнап жүр­генін де тілге тиек етті.
Футболдан ауданда ұлдар құ­рамасы да осал емес. Мәселен, рес­пуб­ликалық «Былғары доп» жа­рысының қола жүлдегері, облыстың бірнеше дүркін чемпионы. Құрамадағы Төлепберген Әнуар қазіргі таңда Алматы қаласындағы «Қай­рат» фут­бол академиясында тәлім алуда. Мақсат Әбжами «Қайсар» футбол клу­бының негізгі құрамында.
Аудан құрамасы алдағы уақытта бо­латын жарыстар мен жолдастық кез­де­сулерге қызу дайындық үстінде. Осын­дай қарқынмен олардың ара­сы­нан болашақ Месси мен Ро­нал­ду секілді әлемге әйгілі фут­бол­шылар шығатынына сенім мол.

Ақнұр БОЛАТҚЫЗЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: