Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Жұма, 29 қараша, 01:29

Тоқаев үкіметке мүлде жаңа адамдар келетінін мәлімдеді

06.02.2024

244

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәжілістің пленарлық отырысында үкіметке жаңа тұлғалар тағайындалатынын ескертті.

“Алдымызда ауқымды мақсат пен міндеттер тұр. Егер алдағы жылдары экономикамызды, экономика деңгейін арттырғымыз келсе жаңа бағыт, жаңа көзқарас керек. Сол себепті құрам өзгереді, жаңа адамдар тағайындалады”, – деді Тоқаев.

Сонымен қатар ол үкімет батыл шешімдер қабылдай алуы керек екенін атап өтті.

“Үкімет іске көшу керек, міндеттерді сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде орындау қажет”, – деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар ол кеше үкімет жұмысы неліктен уақытша тоқтағанын түсіндіріп берді. Сөзінше, қоғам да осы өзгерісті күтіп отыр. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: