2024 жылдың наурыз айында елімізде екі мемлекеттік мереке атап өтіледі. Ол 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні жұмаға сәйкес келеді.
Нәтижесінде ел азаматтары келесідей демалады:
- бес күндік жұмыс аптасы үшін – үш күн қатарынан: 8, 9 және 10 наурыз (жұма, сенбі, жексенбі);
- алты күндік жұмыс аптасы үшін – екі күн: 8 және 10 наурыз (жұма, жексенбі).
Ел азаматтыры Наурыз мейрамын бес күн тойлайды.
- бес күндік жұмыс аптасы үшін бес күн демалыс: 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз (бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі, дүйсенбі). Сенбіден демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылады.
- алты күндік жұмыс аптасы үшін – төрт күн: 21, 22, 23 және 24 наурыз демалыс күндері болады (бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі).
Барлығы наурыз айында бес күндік жұмыс аптасында 14 демалыс және 17 жұмыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында 9 демалыс және 22 жұмыс күні болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!