Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Бейсенбі, 28 қараша, 20:38

Атаулы әлеуметтік көмек беру тәртібі өзгереді

13.02.2024

634

0

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жүйесі өзгереді. Көмек енді шын мұқтаж отбасыларға ғана беріледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл бағытта жемқорлық тәуекелдері болмауы үшін қаржылай көмек тағайындау процесі цифрландырылатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айуынша, 2019 жылы атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны 2,2 млн адам болса былтыр бұл көрсеткіш 600 мың адамды құраған.

Ол бүгін ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында отбасының цифрлық картасын пайдаланып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жүйелерімен интеграциялау арқылы атаулы әлеуметтік көмекті толығымен трансформациялау жоспарланып отырғанын атап өтті.

«Бұл қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік көмек алушыларды, бюджеттің шығыс бөлігін айқындауға мүмкіндік береді. Көмекке мұқтаж отбасыларға кешенді қолдау көрсетудің нақты регламенті әзірленеді. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау трансформациясының барлық процесінде адам факторын болдырмау үшін цифрландыру негізгі компонент болады», деді Светлана Жақыпова.

Былтыр осы мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 57,4 млрд теңге жұмсалған еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: