Энергетика министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстанда бензин мен дизельді сату бойынша шекті баға қою жөніндегі бұйрыққа өзгеріс енгізу туралы бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz ақпарат агенттігі Egemen.kz.сайтына сілтеме жасап.
«Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық авто жанар-жағар май құю станциялары үшін бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11165 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін», делінген бұйрықта.
Бұйрық бойынша:
Аи-80 маркалы бензин – 1 литр үшін 89 теңге;
Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литр үшін 205 теңге;
Дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литр үшін 295 теңге көлімінен асырмау ұсынылды.
Министрлік бұйрық жобасын 28 ақпанға дейін қоғамдық талқылауда болатынын мәлімдеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!