Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Жұма, 13 желтоқсан, 01:29

Қазақстанда бензин мен дизельдің жаңа шекті бағасы енгізіледі

15.02.2024

806

0

Энергетика министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстанда бензин мен дизельді сату бойынша шекті баға қою жөніндегі бұйрыққа өзгеріс енгізу туралы бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz ақпарат агенттігі Egemen.kz.сайтына сілтеме жасап. 

«Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық авто жанар-жағар май құю станциялары үшін бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11165 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін», делінген бұйрықта.

Бұйрық бойынша: 

Аи-80 маркалы бензин – 1 литр үшін 89 теңге;

Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литр үшін 205 теңге; 

Дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литр үшін 295 теңге көлімінен асырмау ұсынылды.

Министрлік бұйрық жобасын 28 ақпанға дейін қоғамдық талқылауда болатынын мәлімдеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: