Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде орналасқан №128 сайлау учаскесінде 2 сағатта 69 сайлаушы өз таңдауын жасаған. Сайлау учаскесінің төрайымы Сәуле Баймаханованың сөзінше, сағат10:00-ден кейін мұнда дауыс беруге келген сайлаушыцлардың қатары артқан көрінеді.
Айта кетейік, №128 сайлау учаскесінде кенттегі 1326 сайлаушының өз таңдауын жасауына мүмкіндігі бар. Олардың ішінде 18 жасқа дейінгі сайлаушылар саны – 19.
Саяси науқанда алғашқы 2 сағатта өз таңдауын жасағандар қатарында кент тұрғыны Жанна Мырзағалиева да бар. Ол Жалпыхалықтық референдумға дауыс беру арқылы ел болашағын жарқын етеріне сенеді.
– Бұл – халыққа қаншама жылдардан бері беріліп отырған үлкен мүмкіндік. Референдумнан кейін қандай өзгерістерге бетбұрыс жасалатынын бұған дейін БАҚ құралдарынан естіп біліп отырмыз. Сондықтан мен мұның үлкен өзгерістердің бастамасы екеніне сенемін. Халық өз таңдауын жасаудан құр қалмауы керек. Мәселен, ауыл немесе кент әкімін сайлауда бір ғана елді мекеннің болашағына байланысты сайлаушылар өз таңдауын жасаса, Жалпыхалықтық референдум тұтас мемлекеттің болашағына тікелей байланысты. Сондықтан біз бұл саяси науқанда белсенділік танытуымыз керек, – дейді Ж.Мырзағалиева.
«ЖЖ» ақпарат
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!