Қызылорда облысы Сырдария ауданы Бесарық ауылындағы құс фабрикасының жеке ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
28 ақпанда сағат 04.37-де жеке бір қабатты құс фабрикасының төбесі 288 шаршы метр аумақты өрт шарпыды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің алдын ала себебі анықталуда, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Куәгерлердің айтуынша, құс фабрикасының ғимаратында 4 мың бөдене болған.
Өрт сағат 06.12-де сөндірілді. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өртті сөндіруге жеке құрамның 7 адамы мен 2 бірлік техникасы жұмылдырылған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!