Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:54

Қызылордада төрт мың бөдене бар фабрика өртеніп кетті

28.02.2024

387

0

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Бесарық ауылындағы құс фабрикасының жеке ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

28 ақпанда сағат 04.37-де жеке бір қабатты құс фабрикасының төбесі 288 шаршы метр аумақты өрт шарпыды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар  жоқ. Өрттің алдын ала себебі анықталуда, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Куәгерлердің айтуынша, құс фабрикасының ғимаратында 4 мың бөдене болған.

Өрт сағат 06.12-де сөндірілді. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өртті сөндіруге жеке құрамның 7 адамы мен 2 бірлік техникасы жұмылдырылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: