Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

31°C

, Жұма, 28 тамыз, 11:45

Құрылтайдың алғашқы сессиясы басталды

28.08.2026

2

0

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясы басталды

Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы тиісті Жарлыққа Президент 26 тамызда қол қойған болатын. Бұған дейін 1 шілдеде Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Конституциялық реформалардың жалғасы ретінде 23 тамызда елімізде Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтті.

Құрылтай сайлауына 7 саяси партия қатысып, дауыс беруге құқылы азаматтардың 74,08 пайызы өз таңдауын жасады. Сайлау қорытындысы бойынша «Әділет» партиясы 71,17 пайыз дауыс жинап, 110 мандат алды. «Ауыл» партиясы – 10, Respublica – 9, «Ақ жол» – 8, ЖСДП 8 депутаттық мандатқа ие болды. Ал Қазақстан Халық партиясы 3,11 пайыз, «Байтақ» жасылдар партиясы 1,07 пайыз дауыс жинап, белгіленген 5 пайыздық межеден өте алмады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: