Қазіргі таңда ауданымызда көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығы өткізілуде. Осы жұмыстарды жүргізу барысында көшелер мен аулаларда қалдықтар мен қоқыстар жағылуда. Сондай қоқыстарды жағу кезінде ғимараттар мен құрылымдар арасында тиісті ара қашықтық сақталмай және жанып жатқан қоқысты бақылаусыз қалдыру себебінен өрт оқиғасы туындауда.
Бұл № 55 «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту», Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 23 тамыздағы № 405 «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенттерін бекіту туралы бұйрықтарында көрсетілген.
От жағу, қалдықтар мен ыдыстарды өртеу ғимараттар мен құрылымдардан 50 м кем болмайтын арақашықтықта iске асырылуға тиiс.
Қалдықтар мен ыдыстарды осы мақсат үшiн арнайы қашықтатылған жерлерде өртеу қызмет көрсетушi қызметкерлер құрамының бақылауымен жүргiзiлуi керек-делінген.
Ауылдық елдi мекендердiң, саяжай кооперативтерiнiң, бау-бақша серiктестерiнiң аумағында: жанғыш қалдықтардың үйiндiлерiн ұйымдастыруға жол берiлмейдi.
Пайдаға асырылмайтын қалдықтар мен қоқыстарды тұрғын үй ғимараттары мен жатақханалардың, саяжай кооперативтерiнiң, бау-бақша серiктестiктерiнiң, гараждардың және ашық алаңдардың аумақтарында (қоқыс өткiзгiшпен жабдықталмаған) арнайы жабдықталған орындарында жабылатын қақпақтары бар металл сыйымдылықтар орнатылады. Сыйымдылықтар бетондалған немесе асфальтталған алаңдарда ғимараттар мен құрылыстардан кемiнде 25 метр қашықтықта орнатылады -деп көрсетілген.
Осы жоғарыда көрсетілген талаптарды орындамау ҚР Қылмыстық кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде көрсетілген жауаптылыққа әкеледі.
Сол себепті тазалық жұмыстарын жүргізу барысында өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтап қауіпсіздік ережелерін ұмытпаңыздар.
Төтенше жағдай орын алғанда 101 немесе 112 телефонына хабарласыңыздар!
Жалағаш ауданының Төтенше
жағдайлар бөлімінің инженері
азаматтық қорғау лейтенанты Е.Сабырбай
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!