Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Сәрсенбі, 27 қараша, 21:49

Есірткі – қолданушылар көбеюде

18.03.2024

486

0

Елімізде есірткіге қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде белгіленіп, есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы белсенді түрде күрес жүргізілуде.

Есірткіге байланысты 2023 жылдың 12 айында аудандық сотта, 13 іс түскен, оның 2-і соттылығы бойынша жолданған.

Өзінің тұрып жатқан үй ауласын есірткі егуге арнаған, ал үй ауласында тұрған сарай ішін есірткі шегуге, сақтауға бейімдеген.

 С.С өзінде сақтауда жүрген сораның тұқымын егіп, өсіру ниеті туындап, 2023 жылдың сәуір айының орта тұсында өзінің тұрып жатқан үй ауласының бақшалы жерінде егілген помидор қасына қарықтың бойына 3 жерге сора өсімдігінің тұқымдарын (дәндерді) отырғызып, ол еккен сора өсімдігінің тұқымынан өсіп-шыққан 3 дана сораның түптерін қолдап суғарумен күтіп баптап, заңсыз өсірген.

В.В есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз  сақтау мақсатында, 2023 жылы 13 қыркүйекте сағат 11:55 шамасында үйінің сарай ішіндегі стол үстінен ақ қағазға оралған, өзіне тән ерекше иісі бар, есірткі заты табылып, жалпы салмағы 0,83 грамм кептірілген марихуана есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтаған.

Елімізде жастар есірткіге тәуелді болып жатыр, бірі жанұясынан айырылып, балдары тірі жетім болып өсіп жатыр, қаншама жол-көлік оқиғасы болып, адамдар бақилық болуда.

Есірткі жақсылық әкелмейтінін жақсы білеміз.  

Б.Исағабылов 

Аудандық соттың бас маманы                                                     

 Қазақстан Заңгерлер Одағының мүшесі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: