Бүгін Әз-Наурыз мерекесі Жалағаш ауданында қазақы дәстүріміздің құндылықтарынан қойылған «Жеті қазына» көрмесімен басталды.
Балаларға ләңгі тебу, асық ату және бес тас ойыны сынды ұлттық спорт түрлері насихатталды.
Дәстүрлі мерекені аудан әкімі Ардақ Ибраимов аудан жұртшылығымен бірге тойлады. Наурыз мерекесінде бүлдіршіндердің тұсауын кесіп, алғаш қадам басқан сәбилерге сәттілік тіледі.
Жалағаш кентінің орталық алаңына қаз қатарынан киіз үйлер тігіліп, тұрғындар назарына аудан өнерпаздарының мерекелік концерті ұсынылды.
Салтанатты шарада аудан әкімі Ардақ Ибраимов аудан тұрғындарын Әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, ауданның жеткен жетістігі, облыс көлемінде алдыңғы қатарға шығуы елді бірлігінің, татулық-достығының арқасы екенін жетікізді.
Ұлыстың ұлы күні білектіде жүректі азаматтар бәсекеге түскен спорттық сайыстармен мерекенің көркін келтірді.
Ұлттық киімде мерекені тойлауға шыққан көпшілік жайылған дастарханнан дәм татып, алтыбақан аясында бас қосып елдігіміз бен егемендігіміздің нышаны болған бейбіт күнді бірлікпен атап өтті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!