«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Балалар үшін қауіпсіз және жайлы инфрақұрылым» және «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустарға мониторинг жұмыстарын Қаракеткен және М.Шәменов ауылдық округтерінде жалғастырды.
Аталған мониторинг жұмыстарының негізгі мақсаты – мектеп ауласында ауыз-су люктерінің жабық болуы, жарықтандыру, ауланың тазалығы, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустардың стандарттық талапқа сәйкес келуі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Аталған мониторинг жұмыстарына Жалағаш аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, фракция мүшесі Қайрат Досымов, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Дәулет Қалдыгүл және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің сала маманы қатысты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!