Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

10°C

, Сәрсенбі, 27 қараша, 15:27

Банктер мен МҚҰ-ның су тасуынан зардап шеккен қарыз алушыларға қолдау көрсете ме?

04.04.2024

445

0

 Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 12 өңірдегі су тасуынан зардап шеккендерге көмек көрсету туралы тапсырмасы шеңберінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктермен және микроқаржы ұйымдарымен бірлесіп зардап шеккен азаматтарды, шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды іске асыруда.

Зардап шеккен қарыз алушыларға көмек көрсету шеңберінде банктер мен МҚҰ мынадай шараларды іске асырады:

– жергілікті атқарушы органдардың тізімдеріне сәйкес су тасуынан зардап шеккендер санатына жатқызылған барлық азаматтарға кредиттер бойынша төлемдер автоматты түрде 2024 жылғы 1 сәуір мен 30 маусым аралығында 3 ай мерзімге кейінге қалдырылады;

– зардап шеккен азаматтардың кредиттері бойынша су тасуы салдарының әсеріне байланысты туындаған төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді;

– шаруашылық қызметтің бұзылуына әкеп соққан су тасуынан зардап шеккен барлық дара кәсіпкерлерге, шағын және орта бизнес субъектілеріне олар берген өтінішті ескере отырып, кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігі берілетін болады.

Банктер мен МҚҰ әрбір зардап шеккен қарыз алушыға мүлікке және жеке шаруашылыққа, қарыз алушылардың кірістері мен қаржылық жағдайына келтірілген залалдың әсерін бағалау үшін жеке талдау жүргізеді, оның негізінде кредиттер бойынша қосымша дербес қолдау көрсету шаралары айқындалатын болады.

Қарыз алушыларға көмек көрсету шаралары туралы зардап шеккен азаматтар мен кәсіпкерлерге хабарлау мақсатында әлеуметтік желілердегі кредиттік ұйымдардың ресми сайттары мен аккаунттарында тиісті өтініштерді берудің нақты алгоритмдері және кредиттерді қайта құрылымдауды жүргізу тәртібі жариялануда.

Қарыз алушылармен өзара іс-қимыл процесін жеңілдету үшін банктер мен МҚҰ зардап шеккен қарыз алушылардың өтініштерді қашықтан беру сервисін іске асырады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: