Жалағаш ауданы орталығынан 3 шақырым жерде орналасқан Ақсу ауылында 1676 халық саны бар. Елдімекеннің инфрақұрылымын дамыту мақсатында газдандыру жұмыстары 2023 жылдың қазан айында қолға алынды. Қазіргі таңда бас мердігер «АЭS and Limited» ЖШС тиісті жұмыстарды атқаруда.
Осы ретте, партияның «Халықпен бірге»! сайлауалды бағдарламасында қамтылған газдандыру жұмыстарына Жалағаш аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Бейбітжан Шілдебаев және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сала маманы мен бірге мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Жоба бойынша газ құбырының жалпы ұзындығы 24,5 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта 22,3 шақырым жер асты газ құбырлары тартылды. Көшеаралық автожолдардан тесіп өткізу арқылы газ құбырларын жалғау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігер компания өкілдері газдандыру жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқандығын, жергілікті жерден 5 жұмысшы тартылып жұмыс жасап жатқандығын жеткізді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың тамыз айында көгілдір отын ел игілігіне пайдалануға берілу жоспарлануда.
Мониторинг жұмыстары барысында аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева ел игілігіне бағытталған жұмыстардың сапалы және уақытылы аяқталуын айтып өтті. «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге»! сайлауалды бағдарламасында қамтылған бұл нысан партия бақылауында болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!