Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Сәрсенбі, 27 қараша, 05:43

Цифрлық газдандыру қалай жүргізіліп жатыр?

17.04.2024

840

0

Осыған дейін тұрғын үй мен нысандарды газдандыру азаматтардың біраз уақытын алып, машақаты көп күрделі процедуралардан өтуді талап ететін. Техникалық шарттарға өтінім беру мен мердігерлерді іздеудің ыңғайлы жолы болмай, газдандыру туралы ақпараттың шектеулігінен көгілдір отынға ауысу ісінде қиындық туды. Бүгіндері газдың цифрландыру тәсіліне көшуі аталған салаға оң үрдіс әкелгендей.

Осы ретте «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ азаматтарға қолайлы жағдай жасап, цифрлық технологияларды енгізуді жалғастырып келеді. Сонымен, былтырдан бері «QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-да газдандыру үшін техникалық шарттарды (ТШ) беру процестері жетілдіріліп, автоматтандырылған еді. Техникалық шарттарды алу – тұрғын үйді газдандырудың алғашқы қадамы.

Бұдан былай тұрғындар өз үйлерінен шықпай-ақ электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолданып, eGov.kz порталы арқылы газдандыру үшін техникалық шарттарды алуға өтінім бере алады. Ол үшін eGov.kz порталында жеке тіркеуден өту, байланыс телефонын және электронды поштаны көрсету, тұрғылықты және газдандыру нысанының мекенжайын таңдау, техникалық құжаттың скан көшірмесін қоса тіркеу, газдандыру нысаны жөніндегі деректерді көрсету, ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қою және техникалық шарттардың берілетіні немесе берілмейтіні туралы аталған ұйымның жауабын күту керек. Техникалық шарттарды қарау және беру процесі 5 жұмыс күні аралығында, ал техникалық жағынан күрделі нысандарға 10 жұмыс күні аралығында іске асырылады.

«Цифрландыру инновацияларын енгізу арқылы газдандыру процестерін қарапайым әрі қолжетімді етуге тырысамыз. eGov.kz порталында жаңа қызметті енгізу – бұл бағыттағы тағы бір қадам. Мұндай жаңашылдық біздің тұтынушыларымыз үшін тиімді болатыны хақ», дейді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Сәлім Нағым.

Иә, өткен жылдың қазан айынан бері eGov.kz порталы арқылы техникалық шарттарды алуға 1000-нан астам өтінім түскен.

«5169 нөмірлі бірыңғай байланыс орталығы мен сенім телефоны – абоненттің біздің компаниямен тиімді қарым-қатынас жасауының маңызды құралы. Бұл тұтынушылардың өтінімдерін тезірек өңдеуге, сұрақтарға жедел жауап беруге мүмкіндік береді. Ай сайын бірыңғай байланыс орталығына тұтынушылардан 3,5 мыңнан астам өтінім түседі. Олардың көпшілігі тұрғын үйлерді газдандыру мақсатында жіберілді», деп отыр техникалық  жөніндегі директор Уәлихан Қымбатов.

Абонент үшін жасалған тағы бір ыңғайлы шешім – тұтынған табиғи газ үшін төлемді өзіне қолайлы түрде жүргізу. Олар екінші деңгейлі банктермен келісімнің арқасында абонент табиғи газды тұтыну қызметі үшін барлық қолжетімді тәсілдермен, мәселен, пластикалық және виртуалды картамен, өндірістік филиалдардың кассаларында, банктердің терминалдары әрі мобильдік қосымшалардың көмегімен төлеуге мүмкіндік алды. Банк қосымшалары арқылы төлем жасау туралы толық нұсқаулық компания филиалдарының Facebook және Instagram аккаунттарында жарияланған. Ендігі кезекте компания қызметтерін одан әрі цифрландыру үшін мобильді қосымша енгізуді жоспарлап отырғаны бар.

Жалпы тұрғын үйді жобалау және газдандыру жөніндегі қызметтерді лицензияланған ұйымдар ғана орындауы тиіс, әрине. Сондықтан бірінші кезекте техникалық шарттар міндетті түрде болуы  керек. Ал тұрғын үйді газдандыру бойынша кешенді жұмыстар аяқталғаннан кейін компания  белгіленген нысанды табиғи газға қосу дайындығы барысында орындалған жұмысқа берілген техникалық шарттардың сәйкестігін тексереді.

Әрине, табиғи газ өркениет пен жайлылықтың басты қағидаттарының бірі десек, халықты газбен үздіксіз қамтамасыз етуде ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік мәселелерін сақтауда тұтынушылардың көгілдір отын құрылғыларын пайдалану кезінде аса сақ және мұқият болуға шақырады.

Осындайда, үйдегі түтін мұржалары мен желдету арналарын уақтылы тексеру және тазарту, газдан ажырату автоматикасы бар дабылқаққыштарды орнату қауіпсіздік кепілі екендігін естен шығармаған жөн. Бұндай қарапайым ережелер табиғи газды пайдалану кезінде жазатайым оқиғаларға жол бермеуге көмектесетіні белгілі.

Бүгіндері ел экономикасы мен халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуда шешімін тауып келе жатқан басты рөлдегі көгілдір отын мәселесіне тікелей қатысты «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы – барлық тұтынушыларын табиғи газбен тұрақты әрі үздіксіз қамтамасыз ету бағытындағы сенімді серіктесі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: