«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасары Қуат Ахетов, фракция мүшесі Бақыт Абдреева, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық білім бөлімінің сала мамандарымен бірлесіп мектеп асханалары мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмысының және балалардың тамақтануының дұрыс ұйымдастырылуын бақылау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Мониторинг жұмыстары барасында мектеп және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен асхана аспазшыларына сала мамандары тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді. Аталған мониторинг жұмыстары Мырзабай ахун, Жаңаталап, Мәдениет, Мақпалкөл ауылдық округтеріндегі білім ордаларында жүргізілді
ЫСТЫҚ ТАМАҚҚА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
11.04.2024
97
0
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!