Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Сәрсенбі, 27 қараша, 05:26

Жайықта су деңгейі көтерілді: құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр

22.04.2024

440

0

 Батыс Қазақстан облысында құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Күндіз саяжай алқаптарында қалып қойған адамдарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілсе, қазіргі уақытта олар қаптарды инертті материалдармен толтыру және төсеу бойынша жағалауды қосымша нығайту жұмыстарын жүргізуде.

Қарағанды облысының күштері мен құралдары БҚО учаскесінде Вишенька саяжайында, Меловые горки, және Мясокомбинат саяжайларындағы су тасқынына қарсы жұмыстарға жұмылдырылды.

Оралдың Самал шағын ауданында Маңғыстау облысы ТЖД жиынтық тобы бөгетті нығайту мақсатында қаптарды жағалау қоршауын инертті материалдармен толтыру және төсеу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Жайық өзенінде су деңгейі 8 сантиметрге көтеріліп, 858 сантиметр болды. Құтқарушылар бөгеттер тұрғызып, нығайтты. Уақытша топырақ үйінділері жабдықталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: