Желшешек ауруы – бұл өткір жұқпалы ауру, ол теріде және шырышты қабаттардың бетінде қатты қышынумен сипатталады. Ол бірден көрінбейді, инкубация кезеңі 10 күннен 3 аптаға дейін созылады.
Желшешек өте жұқпалы. Вирус тасымалдаушыдан тікелей байланыс арқылы жұғады. Ауру қоздырғышы – адамның герпесвирусы.
Желшешек вирустары адам ағзасына енген кезде, алғашқы үш-төрт күнде ол теріні жабатын везикулалардың ішінде болады. Сыртқы ортада герпесвирус 15 минут ішінде жойылады.
Әдетте бөртпе инфекция жұқтырғаннан кейін 48 сағат аралығында пайда болады. Ауру жұқтырған адам тағы бес күн бойы жұқпалы болып қалады. Инфекция ауа-тамшы жолымен, кейде тұрмыстық-қатынас жолымен де жұғуы мүмкін.
Ауру жұғу үшін науқастың жанында болудың өзі жеткілікті. Жасына және иммунитетіне қарамастан, ауруды барлығы жұқтырады.
Аурудың алғашқы белгілері:
– дененің қалтырауы, температура 38,0-39,00 С-қа дейін көтерілуі;
– бас ауруы, әлсіздік;
-асқа тәбетінің болмауы;
-денесінде бөртпелердің пайда болуы.
Алдымен бөртпе сирек кездеседі және дақтар немесе безеулер сияқты көрінеді. Бөртпелер із қалдырмай жоғалады, теріде іздер болмайды. Алайда бала бөрткен жерлерді қышитын болса, қайталама инфекция қосылып, теріде тыртықтар қалуы мүмкін.
Маңызды!
Тек желшешек ауруы кезінде бөртпелердің басқа түрлерінен ажырату өте оңай, себебі бөртпелер шаштың астында пайда болады. Басқа инфекциялар бұл аймақта бөртпе туғызбайды.
Мектепке дейінгі ұйымдарда (6 жасқа дейінгі балалар үшін) желшешек тіркелген кезде соңғы науқасты оқшаулаған сәттен бастап күнтізбелік жиырма бір күнге карантин, скарлатина тіркелген кезде күнтізбелік жеті күнге карантин белгіленеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда желшешек, скарлатина қайта пайда болған жағдайда, балалар сауығуына қарай, бірақ бөртпе пайда болған кезден бастап тоғыз күннен кейін жіберіледі.
Желшешекті, скарлатинаны эпидемиологиялық зерттеп-тексеру бір ұйымдастырылған ұжымда өзара байланысты үш және одан да көп жағдайларды тіркеу кезінде жүргізіледі.
Желшешек, скарлатина тіркелген кезде қорытынды дезинфекциялау жүргізілмейді. Үй-жайды ағымдық дезинфекциялау және желдету карантин аяқталғанға дейін жүргізіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!