Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов кезектілікке сәйкес тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауда тұрғындар тарапынан тұрақты жұмысқа орналасу, кәсіпкерлік мақсатта жер телімдерін жалға алу мәселелері қозғалды. Көтерілген мәселелерге заңға сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!