Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Сейсенбі, 26 қараша, 11:31

Домбыра – қазақтың асыл қазынасы

31.05.2024

588

0

Домбыра — қазақ халқының өте ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы, құнды байлығы, таптырмас қазынасы. Әрбір шаңырақтың төрінде ілулі тұратын домбыра ұлттық өнерді ұлықтайды. Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы, «Мәдени мұра» бастауыш партия ұйымының бірлесіп ұйымдасуымен партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында «Этно ауыл» жазғы демалыс алаңы «Домбыра дастан» тақырыбында жалғасты.

Аталған шараның негізгі мақсаты – жазғы лагерь тынығушыларының шығармашылық қабілетін өсіре отырып жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту. Мәдени сауатты, қазақтың аспаптық музыкасын терең түсінетін, құрметтейтін, өресі биік, халқымыздың ұлттық аспабы домбыраны қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеу. Өнерге бейімдеу арқылы әсемдік әлемін таныту, өнерге деген сүйіспеншілігін, ынта – ықыласын арттыру.

Шара барысында оқушыларға «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева оқушыларға қазақтың ұлттық аспабы домбыра тарихы, домбыраны орындау барысындағы мәдениеттілік, құрылысы, домбыраны ұстау тәртібін оқушыларға үйретті. Аталған іс-шарада домбыра туралы ән, жыр, термелер айтылды.
#AMANAT

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: