Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

18°C

, Жұма, 27 қыркүйек, 14:22

STREETBALL-дан облыстық турнир өтті

17.06.2024

536

0

«AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында партия ардагері Тәйтіков Сұлтанмұрат Мүбаракұлының еске алуға барналған 65 жыл толуына орай Streetball-дан (Стритбол) облыстық турнир өткізілді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – дене шынықтыру және салауатты өмір салтын насихаттап, топтық рухты көтеру, облыс көлемінде стритболды дамыту жағымды имиджді нығайту, жастарды дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысуға тарту, осы жарыс арқылы жастар арасындағы достық қатынастарды күшейту болып табылады.

Аталған шарада «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы Елеусінов Өмірзақ, аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы СадықӘ лиев, бірге қызмет жасаған әріптестері атынан Марат Омаров және әулет атынан ағасы Тәйтіков Қожамұраттар сөз сөйлеп, Сұлтанмұрат Мүбаракұлының еңбек жолдарына, Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жолындағы еңбектері мен атқарған жұмыстарына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Тәйтіков Сұлтанмұрат Мүбәракұлы – 1959 жылы 12 маусымда Жалағаш ауданы, қазіргі Ақсу ауылында дүниеге келген. Ауылшаруашылығы саласы мен партия қызметінде еңбек еткен Сұлтанмұрат Мүбаракұлы еңбек жолын қазіргі Ақсу ауылында қарапайым жұмысшы болып бастаған. Жамбыл қаласындағы жеңіл өнеркәсіп технологиясы институтын аяқтап, 1986-1998 жылдары институт жолдамасымен Талдықорған облысы, Қаратал ауданының Үштөбе қаласында астық қабылдау комбинатында шебер, аға шебер, цех бастығы, комбинат директорының орынбасары, директор, соңғы жылдары президент қызметін атқарды.

1990 жылдары Талдықорған облысында комбинат басшылығында жүріп, ауданының ауыл шаруашылығы саласында жүрген азаматтарға ауыл шаруашылығы техникалары басқа да шаруашылыққа қажетті жабдықтардан көмек көрсетті.

Сондай-ақ, партиясы филиалының әкімшілік ғимаратын 2013 жылы өзі басы-қасында жүріп, демеушілердің күшімен салуға ықпал етті.

Қызмет еткен жылдары Талдықорған облысы, Қаратал ауданы, «Үштөбе қаласының Құрметті азаматы». Сонымен қатар, мерекелік медальдармен, түрлі деңгейдегі «Алғыс» хаттармен және партияның жоғары марапаты «Белсенді қызметі үшін» кеудебелгісімен марапатталған.
Ұйымдастырылған турнирге Қызылорда қаласы мен аудандардан 8 команда қатысуға ниет білдіріп, өзара 2 топқа бөлініп сайысты. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі III орынды Жалағаш ауданының командасы қанжығаларына майласа, ал Шиелі ауданының командасы II орынды қанағат тұтты, бағы мен бабы қатар шапқан Қызылорда қаласының командасы осы жарыста өз мықтылықтарын дәлелдеп I орын иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Жарысқа қатысып өз бақтарын сынаған командаларға «AMANAT» партиясының арнайы кубогі, медальдары, дипломдары мен номинацинациялары табыс етілді. Сонымен қатар, Тәйтік әулетінің ұрпақтары ұйымдастырылған шараға алғыстарын айта отырып, жарысқа қатысушы барлық командаға қаржылай сыйақы табыстады.

Марапаттау рәсімінде «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева барша қатысушыларға алғысын айта отырып, жастарға қажырлы еңбек етіп елеулі нәтижелерге бірге жетуге, болашақта еліміздің көк туын өзге мемлекетте желбіретуге өз тілегін білдірді.

Ұйымдастырылған дүбірлі додаға қатысушы командалар жарыстың тартысты жоғары деңгейде өткенін айтып, ұйымдастырушы аудандық партия филиалына жоғары баға бере отырып, алдағы уақытта осы жарыстың дәстүрге айналуына ұсыныс тілектерін білдірді.
Аталған шараға «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарына қайтарылатын нысаналы трансферт қаржысы есебінен сыйлықтар алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: