Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Сенбі, 28 қыркүйек, 20:31

Жалағаш ауданында мекеме қызметкерлері арасында шағын футбол сайысы ұйымдастырылды

21.06.2024

910

0

Бүгін Жалағаш ауданының 85 жылдығына орай, мемлекеттік қызметшілер және Қазақстан полициясы күні қарсаңында мекемелер арасында шағын футбол сайысы өткізілді.

Тартысты бәсекеге Жалағаш кенті және ауылдық округтерден, бөлімдер мен мекемелерден барлығы 8 команда қатысты.

Аудандық емхана қызметкерлері сайыстың жеңімпазы атанып, өзгелерден оза шапты. Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің қызметкерлері ІІ орынмен үздіктер қатарынан көрінсе, Ақсу, М.Шәменов, Қаракеткен, Бұқарбай батыр ауылдарынан құралған «Тұлпар» аймақтық командасы ІІІ орында тұрақтады. Сайыс қорытындысымен «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік ойыншы» номинациялары табысталды.

Спортты жанына серік еткен мекеме қызметкерлерінің финалдық ойынына аудан әкімі Ардақ Ибраимов куә болып, үздіктерді марапаттады. Барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, төл мерекемен құттықтады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: