Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 18:32

Дала өртінен абай болайық!

10.07.2024

140

0

Орман өрті – абайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, кейде найзағайдан да пайда болатын апат. Ол көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Оның негізгі себебі ауыл шаруашылығы қалдықтарын өртеген кезде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан туындайды.

Орман өрті ағаш қорын кемітумен қатар ағаштың өсуін нашарлатады, жалын шарпыған ағаш қурайды, жел, дауылда сынғыш келеді. Орманда зиянды жәндіктердің, ағаш ауруларының таралуына қолайлы жағдай туады.
Орман өрттері үлкен жылдамдықпен тарайды және жер­дің орасан аумағына зиянын тигізуі мүмкін. Ол кез кел­ген жерде тұтанады. Табиғатты қорғауда орман ша­руа­шылығы мекемесі қызметінің маңызы зор. Әрбір қорықшы өзіне бекітілген учаскесінде бақылауды күшейт­кен жағдайда өрттің шығуы да аз болар еді.
Тілсіз жаудың шығу себептері шаруашылық бас­шыларының, жеке азаматтардың көктем айларында егіске, бау-бақша егуге даярлық кезінде өртке қарсы ережелерді сақтамауынан болады. Атап айтатын бол­сақ, егін егетін жерлерді, су арналарын арам шөп­терден тазарту үшін өртейді, отты сөндірмей бақы­лаусыз қал­дырып кетеді. Соның салдарынан олар жел­дің әсерімен жан-жаққа жайылып, табиғатқа қыруар шы­ғын әкеледі. Осындай жағдайларды болдырмау үшін ша­руа­шылық басшылары дала жұмысына бөлінген адам­дар­дың өртке қарсы ережелерді қатаң сақтауын талап етуі тиіс.

Аудандық төтенше
жағдайлар бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: