Қостанай облысында 3,9 бал көлемінде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚР ҰЯО ГЗИ Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес 2024 жылы 27 шілде күні таңертең білінген.
– Астана уақыты бойынша 09 сағат 54 минутта (Гринвич бойынша 04 сағат 54 минут) Рудный қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 км жерде сейсмикалық оқиға болды. Эпицентрдің координаттары: 52.81 градус солтүстік ендік, 63.28 градус шығыс бойлық. Магнитудасы mb=3.9. Энергетикалық класс К=9.4 – делінген ақпаратта.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!