Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 05:17

«Қоғам оған барын берді, бірақ ол көтере алмады»: Илья Ильин Өтешовпен қатынасы туралы айтты

19.08.2024

212

0

 Қазақстандық зілтемірші Илья Ильин Рахим Ошақбаевқа берген сұхбатында Алмас Өтешовпен қарым-қатынасы туралы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Ол ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы болған Алмас Өтешовпен қарым-қатынасы туралы айтты.

«Алмас – менің досым, кезінде бірге жаттыққанбыз, командада болып, мені қолдаған жандардың бірі. Бір уақытта бәріне қиын болатын сәт болады. Әрине, оның осындай күйге түскені аянышты. 10 жыл бойы ол ішімдікке үйір болды. Көп шындықты айтты. Реніштері де бар, оның жан дүниесіндегі айқайды қоғамның естігенін қалады. Ол қазір клиникада емделіп жатыр. Жағдайы жақсы. Қоғам оған барын берді, көмектесті, бірақ ол көтере алмады. Ешкім одан теріс айналған жоқ. Сондықтан, мені де, оны да халықтың кіналамағанын қалар едім. Ол ақылға келіп, ішімдік ішуден бас тартса – бұл біздің жеңісіміз болар еді. Жақын күндері ем қабылдап болған соң бейнежазбаға түсіріп, жариялайтын боламын», – деді ол. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: