Kyzylorda-news.kz. Еліміздің барлық өңірінде білім беру ұйымдары өз есігін айқара ашты. Мемлекет білім сапасын арттыру, балалардың білім алуы үшін жайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.
Биыл Қызылорда облысында 1 – сыныпқа 17 383 бала қабылданды.
Жаңа оқу жылының ұзақтығы 1 – сыныптарда – 33,
2 – 11 сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды.
Сондай-ақ, тілдерді кезең – кезеңімен оқыту шеңберінде 3 – сыныпта «Шет тілі» пәнін оқыту енгізілсе, «Көркем еңбек» пәнін «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» пәндеріне бөліп оқыту жалғасады.
Оқыту мен бағалауда жасанды интеллектіні қолдану аясы кеңейтіледі.
«Жер елшілері» креативті жастардың Бүкілқазақстандық экологиялық қозғалысы» жобасы шеңберінде білім алушыларға экологиялық білім беру жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасында шахматты дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 576 қаулысына сәйкес өңірде 15 мектепте 1-сыныптан бастап шахмат арнайы пән ретінде оқытылады.
Қазіргі таңда бастауыш сынып мұғалімдері арнайы біліктілік арттыру курстарынан өтуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!