Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Жексенбі, 24 қараша, 10:36

Облыс әкімі «Аралтұз» зауытының жұмысын көріп, қызметкерлермен кездесті

23.06.2022

444

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Арал ауданына жұмыс сапары аясында «Аралтұз» зауытында болды. Жаңадан іске қосылған ІІІ испан цехының жұмысымен танысты.

Өңір басшысы өндіріс орнының еліміз үшін ғана емес, көршілес мемлекеттер үшін экономикалық маңызына тоқталып, өнім өндіру мәселесінің өзекті екенін жеткізді. Зауыт жұмысшыларымен кездесу барысында еңбек шартының сақталуы, жалақы мәселесі мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы пікірлесті.

Айта кетейік, «Аралтұз» зауыты жылына 600 мың тонна тұз өндіруге қауқарлы. Өнім Қазақстан және ТМД елдері нарығына жеткізіледі. Бүгінде 1200 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған. Бұған дейін аталмыш өндіріс орны индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде ас тұзы мен техникалық тұз өндіретін испан цехын іске қосты. ІІІ Испан цехы 2021 жылы іске қосылған. Жоба құны 3 млрд.теңгені құрайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: